Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда атыс кезінде жараланған полиция қызметкерлерінің тағы бірі ауруханадан шығады

Атыс кезінде ауыр жараланған полицейлердің бірі бүгін 12:00-де жедел жәрдем ауруханасынан шығарылады.

Ауруханаға түскен кезде тәртіп сақшысының жағдайы мүшкіл болатын, өміріне қауіп төніп тұрған еді. Алайда дер кезінде қимылдаған ақхалаттылар қолдан келгеннің бәрін жасап, полицейді өлімнен арашалап қалды.

Ауруханадан шыққаннан кейін ол білікті дәрігерлердің бақылауында болады, толық айығып кеткенше амбулаторлық ем алады.

Екінші науқас Қалалық орталық клиникалық ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр.

Естеріңізге салып өтсек, атыс кезінде жараланған екі полицей тәуір болып, 25 мен 28 шілде күндері ауруханадан шықты.

18 шілде күні Алматыда Руслан Күлікбаев полицейлерге оқ атты. Атыс кезінде құқыққорғау органдарының үш қызметкері оққа ұшты. Кейін жан сақтау бөлімінде тағы бір полиция қызметкері көз жұмды. Қылмыскер қолға түскен соң қалада террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды. Кешкісін ол жойылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз