Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыда ашаршылық ескерткіші орнатылатын болды

265

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін бүгін бұл саябақтың таңдалып алынғандығы кездейсоқтық емес екенін айтады.

– Жақын маңда НКВД-нің жер төлелері болған, олар әлі де бар. Онда көп ұлт зиялысы азапталып, қорланды. Сондықтан ескерткіш орнатылса, оның осы арадан бой көтеруі орынды. Жалпы, осы арадан ескерткіш орнату мәселесінің көтеріліп келе жатқанына 23-24 жыл болды. Ақыры мақсатқа жеттік. Шүкір. Ендігі мәселе – қаладағы Мирзоян көшесінің атауын өзгерту болуы тиіс. Бұл да кезек күттірмес мәселе, – деді қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан.

Алматы сыртындағы Боралдай ауылында „Қанды сай„ деген жер бар. Ол арада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналып мемориал орнатылған. Тура сол араға „қанды кезеңде„ Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелері қиылысқан тұстағы жер төлелерде НКВД бас шабарлары өлтірген азаматтарды әкеліп көмген. Адам денесі бар қаптарды қала тұрғындарын шошытып алмас үшін таңға жуық  жасырын тасымалдаған.

Қазақ халқы үшін қасіретті кезеңді еске алған Алматыдағы жиынға келгендердің қатарында аға буын өкілдерінен ақын, жазушы  Мұхтар Шаханов, белгілі жазушы Смағұл Елубаймен қатар, Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым және тағы басқа қоғам өкілдері болғанын баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз