Кеше Алматыда Қанат Исламның құрметіне оның жерлестері дастархан жайып, той жасады.
Бұл туралы Берік Сұлтанұлы Фейсбуктағы жеке парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тойда Қанат Исламның ағайын-туыстары мен ауылдастары ақ тілегін айтып, дуалы ауыз ақсақалдар батасын берді. Той соңында жерлестері батырға шапан жауып, темір тұлпар сыйлады.
– Менің мақсатым бокстан дүние табу емес. Америкаға кетуімнің басты себебі – қазақтың атын шығарып, белгілі бір дәрежеге жету. Біздің ұлтқа қазір көк туды желбіретіп, намысты таптатпайтын азаматтар керек. Маған дүниеден бұрын жеңіс қымбат. Ел абыройы маңызды! – дейді Қанат Ислам.