Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда қаланың мыңжылдығына арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

101

Конкурста ойының тереңдігі мен қолының шеберлігінің арқасында топ жарған суретші бас-аяғы төрт сурет салыпты. Айтуынша, өмірінің ең жарқын, есте қаларлық сәттері осы Алматымен байланысты.

– Қылқаламды үш жасымнан бері жаныма серік еттім. Жылдар өте сурет салу өмірімнің мәніне айналып кетті. Кіндік қаным тамған жер – Қазақстанның ең әсем жерлерінің бірі саналатын Кеген. Алайда Алматымен мені көп нәрсе байланыстырады. Картинаның қай-қайсысынан да Алматыға деген махаббатым байқалады, – дейді байқау жеңімпазы Алмас Нұрғожаев.

Алматы тақырыбына тоғыз жұмысын арнаған Бақыт Сейсенханұлы ІІ-орын иеленді. Сондай-ақ суретші Дулат Үсенбаев та ІІ-орын алды, ол Алматы музейінің қорына 5 картинасын тапсырған. Оларға 150 мың теңгеден сыйақы берілді.

ІІІ-орын Мәлік Жұмағұлов, Оралбек Кабоке және Мөлдір Сағындықоваға бұйырды. Соңғы орын үшін конкурсанттарға 100 мың теңгеден табыс етілді.

Қалған қатысушылар грамотамен марапатталды. Жүлделі орындарға ілікпей қалған суретшілердің де картиналары мұражай қорына тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз