Алматыда АҚШ доллары 354 теңгеге дейін төмендеді

40 просмотров

Кеше Алматыдағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 359 теңгеден саудаланса, бүгін таңертең 361 теңгеден сатылған еді. Алайда түстен кейін бейресми бағам едеуір төмендеді.

Кurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 350-353 теңге аралығында сатып алынып, 354-356 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал бүгін таңертең америкалық валюта 354-356 теңге аралығында сатып алынып, 359-361 теңге аралығында сатылып жатқан еді. Демек, бейресми бағам бір күн ішінде 5-7 теңгеге төмендеді.

Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының құны, әзірге 352,01 теңгеге сомасында бағаланып тұр. Ол кешке дейін тағы өзгеруі мүмкін.

ҚР Ұлттық банктің 27-шілдеге белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы 350,2 теңге екенін еске саламыз. Ал кешегі ресми бағам 343,88 теңге болатын.

ҚР Ұлттық банкі АҚШ долларының қымбаттауын халықаралық нарықтағы мұнай бағасының арзандауы және  ресейлік рубльдің құнсыздануымен түсіндірген болатын.

Загрузка...