Алматыда жарылғыш зат іздестіріліп, табылмады.
Бұл туралы Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.
Оның айтуынша, кеше Ақсай-4 ықшам ауданында жарылғыш зат қойылды деп хабар түскен. Бірден арнайы бөлім қызметкерлері аяғынан тік тұрғызылып, саперлер іздеу шарасын жүргізді.
– Ақпарат расталмады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – дейді Салтанат Әзірбекова.