Алматыда 31 млн 200 мың теңге жымқырған алаяқ ұсталды

42 просмотров

39 жастағы Нұрлан Чалбасов  алматылықтарды қымбат көлік әперемін деп алдап, 31 млн теңгесін қолды еткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20160516092501

Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімі хабарлағандай, күдікті шетелден қымбат көлік тасумен айналысатын жеке кәсіпкерлік ашқан. Өзінің қызметі үшін ол көлік құнының 70 пайызын алдын ала алып отырған. Осылайша аңқау тұрғындардан 31 млн 200 мың теңге жинап алған.

«2016 жылдың ақпанында ол Қазақстан-Ресей шекарасында жалған құжатпен шетел аспақ болған жерінен ұсталды. Оның компаниясы сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы ретінде кедендік органдарда тіркелмегені анықталды. Яғни, ол о бастан көлік әкелуді емес, адамдардың сеніміне кіріп ақша табуды ойлаған. Егер оның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса, 254-47-62; 254-47-02 нөмірлеріне хабарласуын өтінеміз», —  деді Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі Азамат Нұрболатов.

Қазір күдікті ІІД уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Загрузка...