Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда 18 жасар қыз жоғалып кетті

287

 Оның туған әпкесінің айтуынша, Жұлдыз 1 тамызда үйінен Астана уақыты бойынша 18.00-де шығып кетіп, оралмаған. Джинсы мен қара жейде киген. Күлгін сөмкесі болыпты. Белгілері: шашы ұзын, көзілдірік таққан.

“Сіңлім кешкі асқа келмегенде іздей бастадық. Түні бойы іздеп, достары мен таныстарынан сұрастырдық, таппадық. Келесі күні сағат 12.00-де полицияға хабар бердік. Осы уақыттан бастап қала бойынша полицейлермен бірігіп іздестіріп жатырмыз. Ол байланысқа шыққан жоқ, көңіл қосып жүрген адамы жоқ, қашып кететіндей себебі болған жоқ. Біздің отбасымызда бәрі бір-біріне сенеді”, – деді Ақшолпан.

“Жұлдыз “Меломан” кітап дүкеніне жиі баратын. Кітап іздейтін. Дүкен тәулік бойына жұмыс істейді. Ең қорқыныштысы, оны ешқандай да камерадан көре алмадық, ешкім ештеңе көрмеген. Тапа-тал түсте жоғалды да кетті. Ол мектепті енді тәмамдаған, оқуға түсуге дайындалып жүрді. Сәуірде ол 18 жасқа толды”, – деді туысы.

Instagram желісіндегі парақшасында әпкесі қыздың қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден хабар беруін сұрап отыр. “Дін-аман қайтарыңыздар. Қылмыстық іс қозғалмауы үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз”, – деп жазды ол.

3c9faf295fafd8a8631df6c8c750bcb5_resize_w_520_h_

 

6f9699ad628bd2098d87b66ad2d86a5e

7613c06f75967c45c948fe96ba47194c

8865825b6ded1931a7a13b2636484ea2

Әпкесінің құрбысы болса еріктілер тобын жинай бастады. “Үнқағаздар дайындадық, кімнің қайда ілетінін үлестіріп жатырмыз”, – деді ол.

888f443381b24b0025eb9ff86c99069c

Қыздың қайда екенін білген-көргендерден +7778 360 87 77; +7 705 799 99 44 номерлеріне хабарласу сұралады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз