Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы түрмесінде зорланған Слекишинаның ісіне қатысты айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты

37 жастағы түрме бақылаушысы зорлау, азаптау және қызметін асыра пайдалану деректері бойынша айыпталуда. Руслан Хакимов соңғы сөзінде әйелдің келісімімен жыныстық қатынасқа түскенін айтты.

Ал өзінің лауазымын асыра пайдаланудан басқа кінәсі жоқ екен. Естеріңізге салсақ, Наталья Слекишина тергеу қапасында өзін 4 бірдей еркектің бірнеше қайтара зорлағанын мәлімдеген еді. Содан ол жүкті болып, қыз туған. Ал сәбидің әкесі Руслан Хакимов екенін сараптама көрсетіп берді. Қазір сотталып жатқан да сол.

Қалған 3 азамат сотқа куәгер ретінде қатысты. Енді жәбірленуші тарап олардың да тиісті жазаға тартылуын талап етпекші. Ал Хакимовқа қатысты іске ертең нүкте қойылуы мүмкін.

Айта кетсек, тергеу қапасының бұрынғы офицеріне прокурорлар 10 жыл мерзім сұраған болатын. Ал 8 жылға сотталған Слекишинаның өзі сотқа жазасын кейінге қалдыру туралы өтініш беріпті.

Айман Омарова, адвокат:

 – Руслан Хакимов өзін кінәлі деп санаған жоқ. Сотта тек қана лауазымды пайдаланғаны үшін соттауды сұрады.  Слекишинаның айтқандарының  бәрі жалған, келісіммен болған деп айтты.

sl

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз