Алматы полициясы жоғалған бойжеткенді тапты

189 просмотров

Оңтүстік астананың тәртіп сақшылары кеше із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткенді тапты, — деп хабарлайды Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция ақпараты бойынша бойжеткен үйінен өз еркімен шығып кеткен көрінеді.

— Арнайы құрылған жедел-тергеу тобы қолданған шаралардың нәтижесінде 1998 жылы туылған азаматша Ж.С. Ерманованың жүрген жері анықталды. Қазір жоғалған қыз табылып, одан жауап алынуда.

Алдын ала алынған деректер бойынша ол үйінен өз еркімен шығып кеткен. Оқиғаның қалған мән-жайы ары қарай атқарылатын процессуалдық әрекеттер барысында анықталып, дәлденеді», — дейді жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижелерімен таныстырған Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Естеріңізге салсақ, 1998 жылы туылған азаматша Ж. Ерманованың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы арыз 2-тамызда түскен болатын. Ол Сотқа дейінгі тергелетін істердің бірыңғай тізіміне тіркелді. Жоғалған азаматшаны іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында криминалдық және жергілікті полиция қызметі бөлімшелері қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары жоғалған бойжеткеннің өмір салтын зерделеп, құрбыларымен және таныстарымен сөйлесіп, оның соңғы күндерде кіммен араласқанын, жақын болғанын анықтады.

Загрузка...