Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Алматы орталығындағы донерханалар сүріліп жатыр

1 2 3

Сөз таластырған дау, шамамен, 20 минутқа созылды. Осы тартыстың барысында заңға қайшы салынған ғимараттың иесі Виталий Кимнің заң талап ететін барлық ережелерге сәйкес ескертілгені анықталды. Ал оның жалгерлерді ғимараттың сүрілетіні жөнінде неліктен ескертпегені белгісіз.
— Бұдан бұрын Абай даңғылы бойындағы 34-үйде – Масаншы көшесінің қиылысында, орналасқан нысанды тексеру барысында ғимарат иесі жеке кәсіпкер Ким Виталий Вячеславовичтің аталмыш бөлмені тұрғын үйге жатпайтын ғимаратқа мемлекеттік қордағы жерге тиісті құқыққа ие болмай, жапсарлап салғаны анықталды. Осыған байланысты, анықталған құқық бұзушылық фактісі бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 319-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырыды және Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жіберіді. 2017 жылғы 27-қыркүйекте сот заңсыз салынған ғимаратты мәжбүрлеп сүру туралы шешім қабылдады. Бүгін соттың сол шешімі орындалып жатыр, — деді Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МСҚБ) тұрғын үйге жатпайтын бөлмелерді қайта жоспарлау және қалпына келтіру басқармасының басшысы Олжас Күлебаев.

4 5

Шешімнің бәрібір орындалатынын және ешқандай мұрсат берілмейтінін түсінген жалгерлер мен донерхана қызметкерлері бөлмелерден жиһаздарды және алып кетуге болатын заттарды шығарып, пластиктен жасалған есік-терезелерді бұза бастады.
Енді олар заңға қайшы салынған донерхана ғимараты иесінің үстінен сотқа шағымданбақшы, сөйтіп, өздерінің шығынын өндіріп алуға ниеттеніп отыр. Жалгерлердің айтуынша, олар бір жылдың жалақысын және басқа шығындарды алдын ала төлеп қойыпты.
Ал осы кезде әкімдік шақырған жұмысшылар көршілес орналасқан донерхананы бұза бастады. Атап айтарлығы, оның қожайындары сот орындаушыларының өз міндеттерін бәрібір атқаратынын түсініп, барлық құнды заттарды еретерек алып кетіпті.

6 7

Алматы әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, ғимарат 1-2 күннің ішінде толық сүріліп бітеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз