Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы облысының үздік ұстазына көлік кілті табыс етілді

145

Шара барысында облыс әкімі Амандық Баталов ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ұлағатқа толы еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін.

Биыл, өздеріңізге белгілі, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Осы ширек ғасыр уақыт аралығында еліміз өркендеп, қанат жайды. Дарынды жастарымыз Тәуелсіздіктің жемісін көріп, Президентіміздің салиқалы саясатының нәтижесінде әлемнің әр қиырында білім алып жатыр. Білім беру жүйесі әлемдік стандарттарға сай дамып келеді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында осы саланы дамытудың нақты мақсаттары белгіленді. Алдағы уақытта бұл ауқымды міндеттерді абыроймен орындап, білім мен ғылымды өркендетуде биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін. Барша жетісулық мұғалімдер қауымына шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Тәуелсіздіктің тұғыры биік, Мәңгілік Еліміздің болашағы кемел болсын!» – дейді облыс әкімі.

Шара бұдан әрі марапаттаумен жалғасып, облыс басшысы үздік білім мекемелері мен қызметкерлеріне сый-сияпат жасады. Жеті номинация бойынша өткен байқаудың қорытындысына сай Қарасай ауданындағы «Бота» балабақшасы «Үздік балабақша» атанса, Ақсу ауданындағы Қаныш Сәтбаев мектеп-гимназиясы «Үздік ауыл мектебі» номинациясында үздік шықты. «Үздік кәсіби білім беретін мекеме» сыйлығы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне бұйырды. Жеңімпаздарға 300 мың теңге сыйлық берілді.

Сондай-ақ сынып жетекшілері мен қосымша білім беретін мекемелер арасынан да үздіктер аталып, оларға 150 мың теңгеден үлестірілді.

Ал «Орта білім беретін үздік мекеме» номинациясында Қапшағай қаласындағы орта мектеп-гимназиясы жеңімпаз атанып, 18 млн. теңгеге ие болды.

Педагогтар атынан сөз алған «Жылдың үздік мұғалімі» Гүлхан Нұрғазиева көрсетілген қолдау үшін алғысын жеткізді.

«Мен бүгінгідей аса маңызды мерекеде жеңімпаз атанып, құрметке бөленгеніме шын жүректен баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз, менің ұжымымның, менің оқушыларымның жеңісі. Осы салтанатты жиынды пайдаланып, білім беруге, ұрпақты тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасап отырған Мемлекет басшысына алғысымды айтамын. Біз, ұстаздар, Отанымыздың гүлденуі жолында шаршамай, талмай, еңбек етеміз», – деді Гүлхан Нұрғазиева.

Сонымен қатар, үздік қызметкерлерге құрмет грамоталары, алғыс хаттар, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілері, «Еңбек ардагері» медалі берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз