Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы облысының полициясы Есіктегі зорлауға қатысы бар соңғы күдіктіні ұстады

Осыған дейін  үш күдікті ұсталған болатын, олар жергілікті тұрғындар: немере ағайынды – 1984 жылы туған Ербол Е., мен 1987жылы туған Алмаз Е., сондай-ақ 1994 жылы туған Асхат. Б., олар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске салсақ, таяу күндері әлеуметтік желілерде жәбірленген Жібек Мусинованың анасы –  Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының жұртшылыққа үндеуі пайда болды, әйел қызын зорлаған төрт адамды тауып, жазалауын талап етті. Анықталғандай, аталмыш факті Есік қаласында 13-інен 14-іне қараған түні орын алған. Полицейге жергілікті тұрғынды зорлағаны туралы шағым келіп түсті. Күдіктілер 22-29 жастағы төрт ер адам. Үшеуі ұсталды, олар УҰИ-ге қамалды.

ҚР ҚК 120 және 125-баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс Тергеу басқармасының өндірісінде. Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеуде.

222

Жібек Мусинова

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз