Алматы облысында мал іздеймін деп, тауда жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті іздестіру жұмысына тікұшақ жұмылдырылды.
Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев мәлім етті.
Биыл 3-тамызда Алматы облысының Ақсу ауданында із-түссіз жоғалып кеткен Сыртан ауылдық округіне қарасты Қопа ауылының тұрғыны іздестіріліп жатыр.
1997 жылғы жас жігіт 1-тамызда таңертең 8-де жоғалған малын іздеу үшін шығып кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.
4-тамыздан бастап жоғалған жігітті іздеуге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетке қарасты „Қазәуеқұтқару„ АҚ-тың «Eurocopter ЕС 145» тікұшағы да жұмылдырылды.