Алматы облысындағы үш кісінің өліміне күдіктілер 2 айға қамалды

223 просмотров

Алматының Көксу ауданының үш тұрғынын өлтірді деген күдікпен ұсталған екі адам екі айға қамалды деп хабарлады Қазақпарат агенттігі. Алматы облыстық сотының хабарлауынша, күдіктілерді қамау туралы санкцияны 26 қыркүйекте Жамбыл аудандық соты шығарған.

Көксу ауданының тұрғындары, жеті жыл бұрын Қытайдан Қазақстанға көшіп келген оралман үш азамат — Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлімхан 18 қыркүйекте Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы базарға мал сатуға келген соң жоғалып, бірнеше күннен соң сүйектері табылған.

Кеше Астанада премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа үш адамның өлімін тергеу ісін жеке бақылауына алуды тапсырған.

Дереккөз: Азаттық 

e45f1329ba74c573f2f90ccf585b85a1_resize_w_520_h_

Загрузка...