Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы облысында табылған үш кісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Айта кетейік, үш азаматты іздеуші топ Жамбыл аудандық ІІБ алдында жиналған кезде полицейлер бұл хабарды марқұмдардың туыстарына естіркен. “Бүгін таңертең бірнеше жүз адам аудандық полиция бөліміне жиналдық, содан түске қарай полиция басшылары олардың сүйектерін осыдан 200 шақырымдай жерден тапқандарын естіртті”, – деді марқұмдардың туысы Адал Зарлыхан.

Марқұмдардың әрқайсысының артында екіден, үштен жас балалары, қарт ата-аналары қалған. Бұған дейін аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адамның ұсталғаны туралы Алматы облыстық ІІД өкілдері хабарлаған еді.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Ал кеше олардың екінші жүк көлігі табылған болатын. Жамбыл ауданына қарасты Дегерес ауылының маңынан екінші жүк көлігі табылды.

ba9501919471deab289d5e61bd3bde5e

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз