Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы облысында тұрғын өзін орынбасар етіп алмақ болған мектеп директорын ұстап берді

“Директордың ақша талап етуі менің ашуымды келтірді. Мен онсыз да күні-түні осы мектептемін. Қосымша жұмыс істеп, ақша тапқым келді. Ауылда жағдайдың ауыр екенін білесіздер ғой”, – дейді қарауыл сот отырысы барысында.

Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, мектеп қарауылы директорының үстінен аудандық ішкі істер бөліміне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдеріне арызданған. Мектеп басшысы 13 мың теңге пара алып жатқан жерінен қолға түсті.

Кербұлақ аудандық соты педагогты алған парасының 5 еселенген көлемінде айыппұл төлеуіне (650 мың теңге) және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуіне үкім шығарды. Сонымен қатар, ол мұғалімдік жұмыспен де айналыса алмайды.

8880

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз