Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы облысында сарбаз қаза болды

199

12740 әскери бөлімінің жедел қызмет әскери қызметшісі 1997 жылы туған Ескендір Жақашев атқыш-зенитші болған. 2015 жылы әскерге Жамбыл облысы Қордай ауданынан шақыртылған.

Қызметтік тергеу барысында 21 мамырда 12740 әскери бөлімінде шаруашылық күні өткізілгені анықталды. Соның барысында бөлімнің және жауынгерлік көліктер тұрағының аумағында жұмыстар ұйымдастырылған.

Төтенше оқиғаның басты себебі жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Қазіргі уақытта қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына барлық материалдық төлемдер берілді.

Қарулы күштердің Тәртіп жарғысына сәйкес материалдар іс жүргізу үшін әскери құқық қорғау органдарына жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз