Алматы облысында екі жүк пойызы соқтығысып, рельстен шығып кетті

34 просмотров

Достық-Алашаңқай теміржол бағытмен келе жатқан екі пойыз Алматы бөлімшесі маңында соқтығысып, рельстен шықты. Төтенше оқиға орыны қызыл отқа оранған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлайды.

 

„19-мамырда таңғы бесте Достық-Алашаңқай теміржол бағытының Алматы бөлімшесі маңында екі жүк пойызы соқтығысып, рельстен шықты. Өртенген вагондар да бар. Бұл жүк пойыздарының тасымал қызметі „Түрксіб транс тасымал„ ЖШС жекеменшік компаниясының мойнына жүктелген„, — делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Алдын ала келтірілген есептерге сәйкес, пойыздардың соқтығысуына локомотивтің тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін.

Ал локомотив жекеменшік компания — „Түрксіб транс тасымал„ ЖШС-на тиесілі екен.

fc52617a27cf53dd77bab35927c
Фото: Talgat Iman, Facebook

Қазір төтенше оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Жолаушылар пойызының кешігу фактісі тіркелмеген. Зардап шеккендер жоқ.

Бүлінген темір жолды қалыпқа келтіру жұмысымен Алматы бөлімшесіндегілер айналысып жатыр.

„Кінәлі тараптан келтірген шығынның орнын толтыру бекітілген тәртіппен талап етілетін болады„, — делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Загрузка...