Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматы облысында екі зейнеткерді сабаған жігіттерді ауылдастары көшсін деп отыр

Ол болса ешқайда да бармайтынын айтты. Содан мен оның соңынан қуып жетіп, киімінен ұстап алдым. Бір кезде артымнан біреу жетіп келіп, мойнымнан таяқпен ұрып жіберді. Артыма қарасам жас жігіт тұр. Мен жерге құладым, содан 3-4 адам мені тепкілей бастады. Кейін есімді жоғалттым. Ауруханада ғана есімді жидым”, – деді 68 жастағы Серік Молдахметов.

Зейнеткердің айтуынша, шабуыл жасағандардын екеуі – ересек адам, тағы екеуі – жас жігіттер. Молдахметовке көмекке келген екінші зейнеткер де соққыға жығылған екен. “Менің көршім Балтабайды да ұрып кетті. Қалтамда куәлігім мен 15 мың теңге болған еді. Ақшам жоғалды, ал куәлік кейінірек осы жерден табылды”, – дейді зейнеткер.

Айта кетейік, екі зейнеткер де жергілікті ауруханаға жеткізілді. Медициналдық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Серік Молдахметовтың бет сүйектері сынған.

Аудандық полиция бөліміндегілердің айтуынша, “Бұзақылық” дерегі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Бірақ дерек кейінірек “Тонау” бабына ауыстырылған. Сондай-ақ, зейнеткерге оны ұрып-соққан 26 жастағы жігіт кінәсін мойындаған. Алайда зейнеткердің туыстарының айтуынша, оларды тек бір адам емес, бірнеше адам болып ұрған.

Сонымен қатар, аудандық ішкі істер басқармасы өкілдеріне зейнеткерлерден соққы көрген адамдардан шағым келіп түскен екен.

“1949 жылғы С. Молдахметов пен 1949 жылғы Б. Манабаевтың алған жарақаттары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, қазіргі уақытта органдағылар істі зерттеп жатыр. Тергеу жұмыстары аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады. Қазір бұл төбелесте қанша адамның болғаны тексеріліп жатыр”, – деді Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Омарбаев ауыл тұрғындарымен болған жиналыста.

Айта кетейік, Үмбетәлі ауылының тұрғындарымен болған жиында қатысушылар зейнеткерлерді ұрып-соққандардың басқа жаққа көшуін талап етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз