Алматы облысында екі бала бетон плитаның астында қалып қойып, мерт болды

55 просмотров

1-маусымда күндіз Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ауыл шетінде ойнап жүрген 6 және 8 жасар екі бала қаза тапты, деп хабарлады Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, балалар әбден тозығы жеткен су айдайтын орында ойнап жүрген. Ойын балаларының үстіне бетон плита келіп құлаған. Бүлдіршіндер қайғылы апат орнында тіл тартпай, көз жұмды.

— Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері аталған фактіні оқыс оқиға ретінде тіркеді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеріс кезінде полицейлер балалар өліміне қатысты барлық жайды ескеріп, тиісті шаралар қабылдайды, — деп атап өтеді облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Загрузка...