Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы облысында бірнеше ауылды су басты

111

Шамалғанның Ақжазық және Ақсу көшелеріндегі 10 үйді су басқан. Бұл туралы 16 мамырдың 20:33 уақытында „Құтқару қызметіне„ қоңырау келіп түскен. Жергілікті атқарушы органның жұмылдыруымен 10 адам және 1 техника суды сору жұмыстарын жүргізген. Зардап шеккендер мен кісі өлімі тіркелмеген.

Іле ауданына қарасты „Дружба„ бау-бақша қауымдастығында 4 ауланы су басқан. Қазір мұнда да жағдай реттелген.

Түнде Қарасу ауылында 40 ауланың су басқаны белгілі болды. Оған жергілікті атқарушы билік 10 адам, 2 техника, сол секілді төтенше жағдайлар мекемесінен 12 адам, тағы 2 техника жұмылдырған.

Алдында ауа-райының қолайсыздығынан Шамалған тұрғындары көшеге шыға алмай отырғандарын айтып, шағымданған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз