Көлік ішінде 27 мен 36 жас аралығында 4 жігіт отырған.
Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 27-36 жас аралығындағы 4 ер адам ұсталған. Оның екеуі қамауға алынды, екеуі елден сыртқа шықпау туралы қолхатпен босатылды.
Күдіктілерді 12-тамызда облыстық ішкі істер департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшелерінің Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында жүзеге асырған жедел шара барысында ұстады.
„Ұсталғандар «Тойота-Ленд-Крузер» джипімен келе жатқан. Тексеру кезінде олардан героин, гашиш, екі травматикалық тапанша, граната, оқ-дәрілер тәркіленді. Есірткі мөлшері: 5 грамм героин және 15 грамм гашиш„ – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесі бастығының орынбасары Айдос Күзембаев.