Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы облысында Алакөлдің жағалауында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пансионат ашылды

Жоба авторы – Елдос Баялышбаевтың мүмкіндігі шектеулі. Осыдан 2 жыл бұрын ол Талдықорғаннан жарымжан жандарға арнап жаттығу залын ашқан еді. Жаңа пансионат құрылысы оның жоспарының екінші кезеңі болатын.

– Елдос пансионат салуға жұмсаған қаражатты өткен жылы республикалық «Болашақ» стартап-жобалар байқауынан жеңіп алған. Ол екінші орынды иемденіп, бизнес бастамасын дамыту үшін 8 миллион теңге алды. Аталған байқау биыл да ұйымдастырылмақ.

Байқаудың екінші кезеңі басталуға жақын. 2 айдың ішінде өтініштер қабылданады. Кез келген адам өзінің жобасын ұсына алады. Содан кейін байқау өтеді, – дейді «Даму» Қоры»АҚ филиалының директоры Бақыт Мұсаев.

Талдықорғандағы Елдос негізін қалаған жаттығу залы жұмыс істегелі 220 мүмкіндігі шектеулі жан оңалту курстарынан өткен. Оның 35-і аяққа тұрып, өздігінен жүретін болған. Жеткіншек Алакөлдегі жаңа бастама арқылы ауруынан айығатындардың қатары артады деген сенімде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз