Алматы облысында 4 күн тауда адасқан ресейлік туристер табылды

23 просмотров

Алматы облысында төрт күн бойына тауда адасып жүрген ресейлік екі турист құтқарылды. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

21726_syo-e-ibx

Ресейден келген саяхатшылардың жалпы құрамында 11 адам болған. Олар Көксу өзенінің арнасымен жүріп, Сатылы асуына көтерілуді мақсат еткен. Солардың ішінен: бірі жиырмадан, екіншісі қырықтан асқан екі әйел адасып кетіп, төрт күн бойы дәм татпай, тау ішін паналап жүрген.

Олар өзін жайсыз сезініп, кері қайтпақ болған кезде адасқан.

6 мамыр күні жоғалған туристер жөнінде хабар облыстық Төтенше жағдайлар Департаментіне тек 10 мамыр күні түнгі сағат 22:40та келіп түскен.

«Екі туристті іздеу үшін Талдықорған жедел құтқару жасағының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері, 2091 әскери бөлімінің қызметкерлері шықты. Барлығы 49 адам мен 7 техника, сонымен қатар «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы жұмылдырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД.

11 мамырда туристер табылып, тікұшақпен қауіпсіз жерге жеткізілді.

Загрузка...