Алматы облысындағы Локатор көлінде шомылып жүрген 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті.
Бұл туралы бүгін Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Жұртбаев хабарлады.
«Алматы облысы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылы маңында орналасқан Локатор көлінде шомылып жүрген 2000 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы хабар Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 18 сағат 55 минутта келіп жетті. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару отрядының 4 қызметкері мен республикалық жедел-құтқару отрядының 2 қызметкері іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Баланың денесі 22 сағат 15 минутта табылды», – деді Азамат Жұртбаев.