Алматы облысында 100 шақырым жол жөнделеді

22 просмотров

Алматы облысындағы 100 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы аймақтық қоғамдық кеңес отырысында Алматы облысы жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының жетекшісі Ержан Жасыбаев хабарлады.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Биыл облыста тоғыз бюджеттік бағдарлама жүзеге асып жатыр. Берілген міндеттерді орындауға шамамен 16 миллиард теңге бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 13 миллиард теңге — облыстық бюджет қаражаты.

Жолдар мен көпірлерді салу және күрделі жөндеу жұмыстары Ақши ауылы маңындағы «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Казстрой-Ақбұлақ» және «Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» бағыты бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, мекеме 100 миллионнан астам қаражаттың Қарасай ауданындағы «Қаскелең-Шамалған-Ұзынағаш» автожолының жерасты жаяу жүргіншілер жолын салуға жұмсалатынын хабарлады. Сондай-ақ Қарасай мен Іле аудандарындағы «Дмитриевка-Междуреченское-Қараой-Қапшағай-Күрті» және «Алматы-Өскемен» жолдарында көпір тұрғызу қарастырылған.

Биыл Қаратал ауданындағы «Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқыр» магистралінде, Көксу ауданындағы «Балпық би-Ақтекше» магистралінде, Жамбыл және Сарқан аудандарындағы «Ұзынағаш-Бесмойнақ» және «Екіаша-Аманбөктер» тас жолдарындағы асфальт төсемдері жаңартылады.

Загрузка...