Алматы облысы ұйғыр ауылының әкімі парамен ұсталды

55 просмотров

Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округінің әкімі Архат Наушебаев тұтқындалды.

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Аймақтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Архат Наушебаев 670 000 теңге делдал арқылы пара алғанын әшкереледі. Шенеунік параны Ават ауылдық округі аумағынан жеке тұрғын үй салуға жер телімін заңсыз беру үшін жеке тұлғадан алған.

Қазіргі уақытта Наушебаев Іле ауданы ішкі істер басқармасының уақытша қамау изольяторына тоғытылған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Загрузка...