Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы: Наурызбай ауданындағы су тасқынының қаупі сейілді

Құтқарушылар Наурызбай ауданы аумағындағы Ақсай және Түрксіб ауданы төңірегінен өтетін Жарбұлақ өзендерінің арнасын арнаулы инженерлік техникаларымен тазалады, деп хабарлайды bnews.kz.

 Жұмыскерлер жұмылдырылып, арнаулы техникалар тартылған аумақтарда өзендердің арнасы кеңейтіліп, өзен өзегі аршылды.
Өзен жағалауы күл-қоқыстан тазартылып, зілдей тастар бірыңғай шығарылды, қатты қалдықтар аумақтан әкетілді. Бас-аяғы екі тәулік ішінде Ақсай өзенінің арнасынан 18 текше метр, Жарбұлақ өзенінің жағалауынан 60 текше метр тасты лай балшық шығарылып, қоқыс полигонына ауыр салмақты КамАЗ автокөлігімен әкетілді.

«Құтқару қызметі жұмыстарды Наурызбай ауданы аумағындағы «Весна» бау-бақшалық қауымдастығынан бастап, Жандосов көшесінің оңтүстігіне дейін жалғастырды. Ал, Түрксіб ауданы аумағында бұл жұмыстар «Қайрат» ықшам ауданы аумағында жүргізілді. Су тасқыны қаупін сейілту жұмыстарына 16 жұмысшы жұмылдырылып, 9 техника тартылды»

– деп мәлімдеді Алматы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз