Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы әкімдігі арықтарды жөндеу жұмыстарына 590,4 миллион теңге бөледі

Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Кикімовтің айтуынша, қаладағы арық жүйелерінің 50 пайызының жағдайы нашар.

– Алматы-2020 “Қолайлы қала” даму бағдарламасының “Таза қоршаған орта” бағыты бойынша арық жүйелерінің 18,2 шақырымын жөндеуге 495 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, 95,4 миллион теңгеге 194 шақырымға созылатын арық желілерінің құрылысына және 72 шақырымға созылатын арық желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасалады деп жоспарланып отыр, – деді Кикимов.

Өз кезегінде қала басшысы Бауыржан Байбек жөндеу жұмыстарына өзекті жерлердің таңдалғанын айтты.

– Адамдар ең көп тұратын, күнделікті өмірге кедергі келтіретін көлік саны көп жерлер мен тұрғындардан шағым көп түсетін жерлерді таңдадық. Көбісі осы қалаға қосылған аумақтарда. Сіздер білесіздер, үнемі су астында қалатын аудандар – Алатау және Наурызбай аудандары. Бұл мәселелерді бірден жүйелі түрде шешу керек, – деді әкім.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз