10-ыншы тамыздан бастап Желтоқсан және Наурызбай батыр көшелерінде тек қоғамдық көліктерге арналған қатар пайда болады.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Қазір осы күре жолдарға арнайы белгілер сызылып жатыр. Мұндай белгілер қазан айына дейін Төле би көшесінде де пайда болады. Жалпы қала билігі жыл соңына дейін арнайы жолақтарды тағы 43 шақырымға енгізуді жоспарлап отыр.
Мәселен, өткен айда Райымбек даңғылында да осындай арнайы жолақ пайда болды. Бұл шара қоғамдық көліктерге басымдық беру үшін қолға алынған. Белгі қойылған жолақтармен басқа көлік жүргізушілерінің жүруіне қатаң тыйым салынады. Ал ереже бұзғандардың қомақты айыппұл төлеуіне тура келеді.