Алматы-Бішкек тас жолында екі көлік соғысып, 7 адам көз жұмды

36 просмотров

Алматы-Бішкек трассасында екі көлік қақтығысты. Оқиға орнында 5 адам тіл тартпай кетсе, екеуі ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.


Жол көлік апаты Алматы-Бішкек тас жолының 109 шақырымында — Жамбыл ауданының Ақтерек ауылы маңында орын алған. Форд Фокус пен Хонда Элисон маркалы көліктер қақтығысқан.

„Хонда„ көлігінің 45 жастағы жүргізушісі және оның жанындағы 36 жастағы ер адам Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілді. Оларды қазір дәрігерлер қарап жатыр. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, „Форд„ көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, „Хонда„ көлігіне соғылуы мүмкін„ делінеді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Загрузка...