Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы қаласындағы екі ауданға жаңа әкімдер тағайындалды

Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың орнын Сайран Сайфеденов басты.

Ержан Жылқыбаев 1982 жылғы 17-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының Ленгер қаласында дүниеге келген. Мамандығы — экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінде бас маман болып бастаған. 2007-2009 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі болды. Ал 2012 жылғы 30-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Сайран Сайфеденов 1974 жылы БҚО-да дүниеге келген. 2006 жылдан бастап Алмалы ауданындағы ұйымдастыру және кадрлық басқармасында бас маман болып жұмыс істейді.

2008 жылдың тамызынан Алматы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық басқармасында бас маман қызметін атқарды. 2009 жылдың маусымынан бері Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз