Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы: ақылы автотұрақтың бір сағаты 100 теңге болмақ

Жаңа автотұрақты қала басшысына таныстыру үшін жауапты адамдар дәл әкім келер сәтке дейін дайындалып бақты. Паркоматтың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізгісі келген Бауыржан Байбек келе сала қыр-сырын тәптіштеп сұрап жатыр.

Әзірге тәжірибе ретінде 61 көлікке арналған автоматтандырылған тұрақ жұмыс істеуде. Ол 15 минутқа дейін тегін. Одан асса бір сағатқа төлейсіз. Сағатына алынатын әрбір 100 теңгенің 12 теңгесі бірден салық ретінде қала қазынасына түседі екен.

Алдағы уақытта қала бойынша жасалатын барлық төлемдер диспетчерлік орталықта экраннан көрініп тұрады. Тек шенеуніктердің жаңа бастамасы бәрібір арзан емес. Осымен бесінші рет қолға алынып отырған паркомат ісіне, тек бірінші кезең үшін 4 жарым миллиард теңге жұмсалмақшы. Бірақ бұл жолғы шығын инвесторлардың мойнында деп сендірді жоба авторлары.

Марат Пірінбеков, «Алматыспецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры:

-Көп көлік жиналатын жерлерде орын табу өте қиыншылық туғызады. Сол себепті біздің мына енгізіп жатқан шарамыз ол машинаның санын реттейді, азайтады. Бюджеттен бір теңге төленбейді. Бұл жоба 100 пайыз инвестиция арқылы жасалып отыр.

Айта кетерлігі, алматылық атқамінерлердің автотұрақтарды автоматтандырамыз деп шапқылағаны бір бұл емес. Мына қондырғылар 2013 жылы орнатылып, артынша қаңырап қаңылтыры ғана қалған еді. Бұл жолы да жаңадан қолға алынған тұрақ жүйесіне көлік жүргізушілері ә дегеннен-ақ шағымын айтып жатыр.

Елдар Нәукенұлы, көлік жүргізушісі:

– Менің ойымша ол дұрыс емес. Өйткені олар күнделікті машиналарын, автокөліктерін осы жерг қояды. Оларға бір жеңілдік жасау керек.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жоба кемі 10 жыл мүлтіксіз жұмыс істеуі тиіс. Бірақ көптің көңілі бұған иланар емес. Өйткені, Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі соңғы 4 жылда осымен бесінші рет өзгертіліп отыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз