Қорғаныс министрлігі Астана әуежайындағы төтенше оқиғаға байланысты түсініктеме берді

57 просмотров

ҚР Қорғаныс министрлігі 2016 жылы 16-маусымда Астана әуежайында орын алған төтенше оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға жолақта болған бөгде зат салдарынан орын алды. Ұшақ штатты режимде қонды. Қонғаннан кейін ұшақ 1 700 метр доңғалақпен жүріп өтті. Содан кейін сол жақтағы шассидегі төрт пневматикалық доңғалақтың екеуі жарылды.

Доңғалақтар жаңа болатын. Оны Ярослав доңғалақ зауыты жасаған.

Әуежайда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жолақта бөгде заттың болуына осы жайт та әсер етуі мүмкін. Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Астана әуежайына қону кезінде әскери ұшақ шассиінің екі дөңгелегі жарылды.

Загрузка...