Алмас Кішкенбаев ел танымастай толып кетіпті

145 просмотров

Суперстар байқауының жеңімпазы, бүгінде елге танымал әнші артық салмақ қосып алғандықтан, сахнаға шыға алмай жүр екен. 

Мұны әншінің өзі Инстаграм парақшасында жазды.

«Біраздан бері мен өзімнің суретімді салмай жүргенімді білетін шығарсыздар?! Экраннан да көрінбей кеттім (анамның айтуы бойынша). Менде, мен үшін үлкен проблема бар. Мен қаншалықты мықты болсам, соншалықты сол проблемаға шамам келмей қалады. Осыны оқып отырған болсаңыздар, сол да проблема ма деп айтуларыңыз да мүмкін. Бірақ өкінішті, солай… Менің басты проблемам, ол менің салмақ қосып алғанымда. Көрген жерде бірден аааа (вот он щеки наростил, дипутат, живот, үлкенбай) деген сөзерді естігендіктен көріне бергім келмейді», – деп жазыпты Кішкенбаев.

Өз кезегінде әлеуметтік желідегі қауым әншіге дұрыс тамақтануға кеңес беріпті.

«Мойындағаның ерлік. Саған берер кеңесім тамақтан соң бір сағаттан кейін немесе 1,5 сағаттан соң сусын іш. Желательно көк шай немесе су. Қара шайдың адамға еш пайдасы жоқ екен. Солай салмақты тез жəне жеңіл тастайсың. Азанда аш қарынға бір стақанға бал қосып іш» деп жазыпты бұл ретте Гүлнәр есімді желі қолданушысы.

Бұған жауап ретінде Алмас былай деген екен: «Мойындаған да дұрыс қой . Қазіргі таңда көп саxнаға шыға бермейтінім сол. Байқаған болсаңыздар, мен әрдайым айтушы едім, саxнаның адамының келбеті келіскен болуы тиіс деп. (қазір, все наоборот болып жүрмін). Осы постты жазбай-ақ дегеніме жетсем де болады әрине. Бірәқ, менімен бірге салмақ тастаймын деушілер бар шығар. Бірге арықтайық қазіргі салмағым 82кг. Мақсат, бір айдың ішінде-62кг. Бүгіннен басталды, кім менімен? Артық әңгіме айтқандар (блок). Бұл менің жеке парақшам, өз ойым. Сәттілік! (осы сөзді ешқашан тастамайтын шығармын). Ал кеттік!»

Біраздан бері мен өзімнің суретімді салмай жүргенімді білетін шығарсыздар?! Экраннанда көрінбей кеттім (анамның айтуы бойынша). Менде, мен үшін үлкен проблема бар. Мен қаншалықты мықты болсам, соншалықты сол проблемаға шамам келмей қалады. Осыны оқып отырған болсаңыздар, солда проблема ма деп айтуларыңызда мүмкүн. Бірақ өкінішті, солай… Менің басты проблемам, ол менің салмақ қосып алғанымда. Көрген жерде бірден аааа (вот он щеки наростил, дипутат, живот, үлкенбай) дегенсөзерді естігендіктен көріне бергім келмейді. Мойындағанда дұрысқой 😄. Қазіргі таңда көп саxнаға шыға бермейтінім сол. Байқаған болсаңыздар, мен әрдайым айтушы едім, саxнаның адамының келбеті келіскен болуы тиіс деп. (қазір, все наобарот болып жүрмін). Осы постты жазбай-ақ дегеніме жетсемде болады әрине. Бірәқ, менімен бірге салмақ тастаймын деушілер бар шығар. Бірге арықтайық😉 қазіргі салмағым 82кг. Мақсат, бір айдың ішінде-62кг. Бүгіннен басталды, кім менімен? Артық әңгіме айтқандар(блок). Бұл менің жеке парақшам, өз ойым. Сәттілік! (осы сөзді ешқашан тастамайтын шығармын 😂). Ал кеттік!

A photo posted by @kishkenbayev on

Артық салмақтан арыла алмай жүрсе де Кішкенбаев клип түсіруді доғармаған екен. Әншінің хабарлағанындай қазан айында жаңа бейнебаян көрерменге жол тартады.

Загрузка...