Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қалмұхамбет Қасымов: “Алматыдағы сойқанды жасаған жалғыз адам”

Министрдің айтуынша, Күлекбаев бар кінәсін толық мойындаған және бұл әрекетін қасақана жасағандығын айтқан.

– Сондай-ақ, екі шабуылдың арасында 24 минут айырмашылық бар. Ал бұл айырмашылық қылмыс бір мезетте жасалды деген ақпаратты теріске шығарады. Әуелі Алмалы аудандық полиция басқармасына шабуыл жасаған соң, ондағы күзеттегі полицейді өлтіріп, оның қаруын алған. Сосын көшедегі көлікті тоқтатып, ҰҚК-ға барған.

Атысты жасаған бұрын қылмысты болған…

Мұны Қасымов та растап отыр. Бостандыққа шыққан Күлекбаев былтырғы жылдың басында  Алматыға келеді. Бірнеше ай жалдамалы пәтерде тұрған. Бірақ, бостандыққа шықса да, әдетін қоймаған. Қару сатып алған. Бұрынғы қылмыскерге қарудың не қажеті болды? Әрине, қылмыс жасау үшін. 

Атыс кезінде жарақат алғандардың нақты саны қанша? 

Қасымов сөзіне қарағанда жалпы атыс кезінде 6 адам жарақат алған. Олар полиция қызметкерлері. Тағы үш адам – қала тұрғыны.

– Атыс кезінде 5 адам қаза тапқан. Олардың үшеуі полиция қызметкері, бір адам ҰҚК шекара қызметінің қызметкері және бір қала тұрғыны бар, – дейді министр.

Сонымен қатар, еліміздің бас полицейі „қаза тапқандардың саны көп болуы мүмкін„ деген әлеуметтік желілердегі әңгімелерді жоққа шығарды.  

Алматыдағы атыс: қылмыстық іс қозғалды

 Соның ішінде, «Бір немесе бірнеше адамды өлтіру», «Терроризм», «Мемлекеттік нысандарға шабуыл» және «Мемлекеттік қызметкерге шабуыл жасау» секілді баптар бойынша  ҰҚК мен Прокуратура қылмыстық істер қозғаған.

– Алдын ала тергеу амалдары барысында анықталғандай, күдікті Күлекбаев 17-нен 18-не қараған түні азаматша Сыдықованы қаладағы қонақ үйде азаптап өлтірген. Сыдықова Өзбекстан азаматы екен, Алматы қаласында заңға қайшы келетін интимдік қызмет көрсетумен айналысып келген. Бұл қылмысы үшін жауапқа тартылатынын білген соң, Күлекбаев қару кезеніп, бөтен көлікті ұрлап кеткен. Жасаған қылмысы үшін өзінің ауыр жазаланатынын білген Руслан Күлекбаев полицияға шабуыл жасауды жоспарлайды. Және солай жасайды да, – дейді министр.

Қылмыстық іс ҰҚК бақылауында 

Айтпақшы, құқық қорғау органына шабуыл жасалуына байланысты бұл істі ҰҚК өз бақылауына алған. Мұны да Қасымов айтты. Ал 5 адамның өліміне кінәлі Күлекбаев қазір ауруханада жатыр. Себебі жарақат алған. 

Тобықтай түйін:  Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мырза Алматыға түнде келіп, БАҚ өкілдеріне қылмысты жасаған адамның жалғыз екендігін айтты және мұны бірнеше рет қайталады. Сөйтті де асығыс келген Қасымов, жиналыс залынан асығыс шығып кетіпті. 

 

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз