«Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын». Данияр Елеусінов уахаб па?

3 125 просмотров

Рио Олимпиадасының жеңімпазы, боксшы Данияр Елеусінов Қамшы сайтына берген сұхбатында «Ата-баба разылығы үшін» деп Аллаға серік қосатын адамдарды ұнатпайтынын айтқан екен. «Алдымен бір жаратушыға, сосын барып өзімен сенемін!» дейді боксшы.

«Мен бокспен осында айналыстым. Тоғыз жасымнан рингте жүрмін, одан бері 16 жыл өтті. Әрдайым спортқа жақын жүрдім, мектептегі спортты эстафеталар мен  марафондарға қатысып, баскетбол, футбол ойнадым.  Қазақ-орыс әдебиетін жақсы көрдім. Мәнерлеп оқудан орыс және қазақ тілдерінен конкурстарға қатысып, әрдайым бірінші орындарды иеленетінмін. Бірақ, соңғы қатысқан кезімде осыған дейін талай орын алғансың деп  бірінші орынды бермеді. Мұндай әрекет шынын айтсам  маған аса ұнамады. Себебі өзім лайықты болып тұрған орнымды иелене алмадым.   

Онда да саясаттың қатысы болды. «Сен талай мәрте орын  алғансың, енді басқа адам алуы керек» деген соң, мен спорт саласын таңдап кеттім.  Мектепте өте белсенді болдым.  Барлық қоғамдық іс-шараларға қатыстатынмын.    Қазақ Агро Техникалық Университетінде  оқуымды аяқтадым, әскерде болдым.

 Қазір отбасылы адаммын, өзімнің сүйікті ісім бокспен айналысамын.  Мен үшін бірінші кезекте отбасым.  Алдымен бір жаратушыға, сосын барып өзімен сенемін!  «Ата-бабаларыңның аруақтары үшін» деп Аллаға серік қосатындарды ұнатпаймын. Өзіміздің дұрыс ислам дінін қолдаймын.

Қазақ дәстүрлерінің барлығын білмесем де, исламға қарсы келмейтіндерін ұстануға тырысамын.

Адам үшін отбасынан артық ештеңе жоқ деп білемін. Спорт саласында осы жеткен жетістігіммен тоқтап қалғым келмейді.   Потенциалым жеткілікті, бойымдағы бар күш-қуатымды сарқып, еңбек етуді жалғастырамын», – дейді Данияр.

Загрузка...