Алимент төлемей, 1 миллион теңге қарызға батқан ер адам үш тәулікке қамауға алынды

31 просмотров

Қарағанды облысы Теміртау қаласында ұзақ уақыт алимент төлемей, 1 миллион теңгеден астам қарыз болған ер адам үш тәулікке қамауға алынды.

Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ер адам кәмелет жасқа толмаған екі баласына алимент төлемеген. 2012 жылы атқарушы өндірістік іс қозғалды. Оның берешегі 1 миллион теңгеден асты», — делінген хабарламада.

Борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот істі қарап үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Сот ақпаратынша, алиментті төлемеген ер адам кінәсін мойындады. Мұны ол жұмыссыздықпен және өзінің материалдық жағдайымен түсіндірді.

Загрузка...