Ауыр атлеттерімізді сайыстардан бір жылға шеттеткелі жатқан халықаралық ұйымның әрекетін Алексей Ни барып тұрған көре алмаушылық деп атады.Оның ойынша, олимпиадаға үлкен үмітпен барған сегіз зілтеміршінің бесеуінің бірдей жүлде алуы басқа елдердің қызғанышын туғызған.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Айтуынша, Рио жарысындағы жетістігімізді көре алмаған елдер біздерге шара қолдануды талап еткен. Яғни, еліміз осы жанжалдың кесірінен алда болатын Азия чемпионатынан құр қалуы мүмкін. Десе де, өзінікі дұрыс деп дес бермеген Ни осы үзілісті пайдаланып келесі жылдың аяғында өтетін әлем чемпионатында күш атасын танытамыз деп отыр.