Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Александр Лукашенко: Бізге Армения мен Қазақстандағыдай жағдайдың керегі жоқ

Сондай-ақ Александр Лукашенко билікке қарсы “соғысу” Беларусь Республикасында сайлау кезінде ғана мүмкін екенін айтты.

– Қауіпсіздік жағына келетін болсақ, ол жағына алаңдамай-ақ қойыңыздар. Бірақ қатал саясатым үшін айыптай көрмеңіздер. Бірақ мен доқ көрсетіп отырғаным жоқ.

Біз ешкімнің аузын жауып отырғанымыз жоқ. Егер біреуді сынап-мінегілеріңіз келсе, істе бетке айтыңыздар. Ол үшін арнайы жиындар бар. Шық та айт. Міне, сол кезде аузыңызды біреу жауып көрсін. Адам өз ойын емін-еркін айтуы керек” – деді Беларусь мемлекетінің басшысы.

Лукашенконың айтуынша, қоғамдық-саяси өмірдің тұстарын талқылап, сынаудан қорқудың еш қажеті жоқ.

– Ешқашан ештеңеден қорықпаңыздар. Мен туралы, тағы басқа біреулер туралы айта беріңіздер. Бірақ “соғысқыларыңыз” келсе, (Түркиядағы президент пен билікке қарсы) оның тек сайлауда мүмкін екенін ұмытпаңыздар. Парламент сайлауы болады, кім керек, соған дауыс беріңіздер. Президенттік сайлау келе ме, қалай қалайсыз, солай таңдау жасаңыз, – деді беларусь халқының көшбасшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз