Алданған ата-аналар Қытай дәрігерлерін жазаға тарту үшін министрден көмек сұрады

135 просмотров

«Sezimtal» қоғамдық қоры мен мүмкіндігі шектеулі бабалардың ата-аналары Пекиндегі Лимин ауруханасы дәрігерлерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу үшін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа арызданды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

— Барша Қазақстан бойынша церебральды сал ауруы синдромымен ауыратын балалары бар 13 отбасы Пекиндегі Лимин клиникасының қызметіне жүгінген екен. Алайда, отбасы мүшелерінің сөзіне қарағанда, олар ем-дом мен медициналық қызметтерді тиісті сапада және толық көлемде алмаған. Бұл отбасылардың бүгіндегі шығындары 197 мың АҚШ долларына жеткен, — деді баспасөз мәслихатында «Sezimtal» қоғамдық қорының өкілі, қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған отбасылар бұл қомақты қаржыны теңге девальвациясына дейін несиелер мен қарыздар арқылы алған және бүгінде енді берешек соманы қайтаруға мәжбүр.

«Сонымен бірге, балалар ботоксті егу шараларымен қамтылған, яғни бұндай ем-дом Қазақстан аумағында да іске асырылады. Бұл ретте менің білуімше, осындай шаралар елімізде ақысыз жүргізіледі»,-деді адвокат.

Өз кезегінде баласын емдеуге апарған ата-ананың бірі Самира Аяшева қытайлық клиникада тиісті операцияны жасау үшін қажетті аппарат мүлдем жоқ деген пайымға келіп отыр.

ҚР Сыртқы істер министріне жасаған үндеуінде балалардың ата-аналары аурухана дәрігерлері қасақана алаяқтық жасап, ата-аналарды жаңылыстыру арқылы қаржыларын иемденіп алғанын атап өткен.

«Ойлағандарын іске асыру тұрғысында профессор Лю Цзин Цзюнь, бас дәрігер Ван Тао, аурухана директоры Ван Ли Ли церебральды сал ауруы диагнозымен балаларды емдеу бойынша кәсіби дәрігерлер ретінде өздерін таныстырды. Көбіміз осы операция үшін ақша жинау бағытында несие алдық. Алайда, операция жасалмады.

«Диспорт» емдеу шаралары барша әлемде 200-300 АҚШ доллары сомасында, ал бізден қытайлық профессорлар 8 мың доллардан бастап алды.

Осы ретте олар бұл шаралар соңғы буынды операцияларды қамтитынын айтып түсіндірді»,-деп атап өтілген ата-аналардың үндеуінде.

Загрузка...