2017 жылдан бастап тапқан табысыңыздың бір бөлігін сақтандыру қорына аударасыз

53 просмотров

Алматыда денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформаның тиімді тұстары ел-жұртқа түсіндіріле бастады.

«Мамандардың айтуынша, бұдан былай жұмыс беруші мен азаматтардың өздері ай сайын тапқан табысының бір бөлігін сақтандыру қорына аударып отырады» деп хабарлайды бұл ретте КТК арнасы.

Жиналған қаржы халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмақ. Яғни емделгісі келетіндер қордағы ақшасын пайдалана отырып кез-келген аурухананы таңдай алады. Ал жұмыссыз жүргендер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға сақтандыру қаржысы мемлекет есебінен төленбек.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қалалық медициналық қызметке ақы төлеу департаментінің басшысы:

-Жұмыс берушілер 2017 жылдан бастап өз жұмысшылары үшін 2 пайыздан жарналарын төлей бастайды. Ол әр жыл сайын бір пайыздан өсіп отырады да, 2020 жыл 5 пайызға дейін жететін болады. Ал жұмысшылар 2019 жылдан бастап өз жалақыларының 1 пайыз, ал 2020 жылдан бастап 2 пайыздан жарна төлейді.

Загрузка...