Сала министрлігі ең алдымен бірінші сынып бағдарламасына өзгеріс енгізіп отыр.
Бұл туралы khabar.kz хабарлады.
Яғни мектеп табалдырығын аттаған балғындар енді бірыңғай оқулықпен білім алмақ.
Жаңа жүйе бойынша ұстаздар біліктілікті арттыруға кірісті. Елордада көші-қон ағымына сәйкес жыл сайын жаңа мектептің салынуы маңызды міндет. Сондықтан қазір 7 білім ошағының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Бұл білім беру сапасына оң әсер етіп, ұстаздар қауымына жүктелген міндетті еселей түсті.
Жаңартылған білім беру мазмұны алдағы оқу жылына енгізіледі. Соған сәйкес ұстаздар бірінші сынып оқушыларын ағылшын тіліне арналған бірыңғай оқулықпен оқытып, география мен тарих, бейнелеу өнері мен еңбек сынды сабақтарды біріктіруді көздеп отыр. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар ұстаздар жаңартылған жүйенің нәтижесі алдағы 20-25 жылда белгілі болады деген пікірде.
Өйткені білім ошақтарына шәкірт тәрбиесін бірыңғай бағытта жүргізу міндеттеліп отыр. Сондықтан бас қаладағы 94 мектеп оқу бағдарламасын жаңартпақ.