Ертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында жаңбыр аралас қар жауып, түнде үсік жүреді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, қазанның 2 мен 3-і күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, 2-4 қазанда Қарағанды облысының, 3-4 қазанда Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумағында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.