Алдағы айда қымбаттауы мүмкін азық-түлік түрлерінің аты аталды

539 просмотров

Үкімет тарапынан құрылған арнайы комиссия жыл басынан бергі азық-түлік тауарларына бағаның өсуін бақылай әрі тексере келе, негізгі үш тәуекел топты анықтады.

Осы үш топқа кіретін негізгі тұтынудағы азық-түлік түрлері қымбаттап кетуі мүмкін, деп хабарлайды Bnews.kz.

Зерттеу 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың шілдесі аралығында жүргізіліп, осы уақыттағы бағалар салыстырылған.

Тәуекелдің алғашқы тобы – бағаның бірқалыпты 5 пайызға дейінгі өсуі: қой еті, айран, сүт, жармалар, макарон өнімдері, сары май, ірімшік, тұз, шай.

Тәуекелдің екінші тобы – бағаның 5-тен 10 пайызға дейін өсуі: сүт, сүзбе, нан, күріш, ұн, қырыққабат, тауық еті.

Тәуекелдің үшінші тобы – бағаның 10 пайыздан аса өсуі: – құмшекер, қарақұмық, күнбағыс майы, жұмыртқа.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға аталған тауар түрлеріне баса назар аударып, бағаның өсуіне жол бермейтін шараларды қолдану тапсырылды.

Айта кетейік, бүгін жаңартылған құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев төрағалық етті.

Загрузка...