Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қызы жаяу жүргіншіні қағып кетті

123

Land Rover көлігін тізгіндеген 18 жасар Айдана Көпбосынова 28 жасар Міржан Қасымғалиев есімді азаматты қағып кеткен. Зардап шеккен адам сол сәтте жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатыпты.

Қасымғалиевтың апайы Мерей Ескендірованың айтуынша, Міржан әлі ауруханада жатыр. Оның бассүйегі жарақаттанып, миына зақым келген.

“Оған үш ай бойы тұруға болмайды. Басы айналады. Күніне бес минут отыруға ғана рұқсат берген. Жақында менің інімді қағып кеткен қыздың анасы хабарласты. Бізге көмек ретінде екі миллион теңге дайындап қойғанын айтты. Алайда мұның бәрі сөз жүзінде қалды. Оның сөз саптауы ұнаған жоқ. Мен өз кезегімде аталған соманың аз екенін, оның бауырымның ем-домына жетпейтінін айттым” дейді Мерей Ескендірова.

Зардап шеккен Міржан Қасымғалиевтың туысқандары істі сотқа дейін жеткізбек.

“Ол заң алдында жауап беруі тиіс. Бірақ, біз қатты алаңдаулымыз. Оқиғаның куәгері болған адам міне, екі апта болды телефонын көтермейді” деп отыр Ескендірова.

Өз кезегінде аталған жағдайға қатысты Айнұр Тұрсынбаеваның өзі пікір білдіріпті.

“Біз көмектескіміз келіп отыр. Бірақ олар бас тартуда. Қызым адам қағып кеткенде бірден жедел жәрдем шақырды. Күнбе күн ауруханаға бардық. Бірақ кейін зардап шеккен жігіттің туысқандары бізді ішке кіргізбей қойды. Жігіттің туысқандары бізден үлкен өтемақы талап етуде. Олар бізден 30 мың доллар сұрап отыр. Бізде мұндай қаражат жоқ…Біз көмектесуден бас тартпадық. Күтуші жалдайық десек, келіспейді. Ақылы палатаға ауыстырғымыз келген, одан да бас тартты. Қызым ауруханаға барғанда шешесі кіргізбей қойды. Істі заң жүзінде шешетін боламыз, бұдан өзге амал жоқ” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Қазір аталған жол көлік оқиғасына байланысты тергеу жұмыстары жүруде.

25aa5334-98f8-4362-8953-405c7de30d5e

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз