Қайтыс болған полицейлердің отбасылары тағы 10 млн теңгеден алады

70 просмотров

Алматы билігі ауруханада қайтыс болған тәртіп сақшыларының отбасыларына материалдық көмек көрсетеді, — деп хабарлайды оңтүстік астана әкімінің баспасөз қызметі.

 

Аға сержант Серік Әбілдаев пен лейтенат Мейрамбек Рахматуллаевтың отбасылары 10 млн теңгеден алады. Бұдан бұрын мемлекет 18-шілдеде Алматыда орын алған теракт кезінде ауыр жарақат алғандарға 5 млн теңгеден бөлген еді.

Қаза болған полицейлердің туысқандары ел президентінің тапсырмасы бойынша 15 млн теңгеден алған болатын.

Серік Әбілдаев пен Мейрамбек Рахматуллаевты лаңкес Руслан Күлікбаев ауыр жарақаттаған еді. 1-тамызда олардың қаза болғаны белгілі болды. Дәрігерлер екі апта бойы теракті кезінде зардап шекендердің өмірі үшін ажалмен арпалысты.

Қаскүнемнің қолынан сегіз адам ажал құшты: олардың алтауы полицейлер, біреуі шекара қызметінің қызметкері және тағы біреуі жақында зейнеткерлікке шыққан экс-полицей.

Загрузка...