Қайтып келме! Шетелдікке шыққысы келген қызды үйге байлап қойсаң да өз дегенін істейді

3 945 просмотров

Қазақ қызы. Бұл мәселені біраздан бері қаузап келеміз. Өзіміз де жаздық, авторларға да ерік бердік. Ой салып та, ақыл айтып та жатырмыз. Бұл үшін сынға қалған кездеріміз де жоқ емес. Жоқ, біз қазақ қызын масқаралағымыз келмейді. Қазақ қыздарының барлығы шетелдікке тиіп жатқан жоқ. Бірақ біз азбыз. Аздығымыздың кесірінен қытайға, арабқа, үндіске тиіп жатқан қазақ қыздарын көрсек қанымыз қайнайды. Оларға біздің ақылымыз керек емес. Бірақ біз айта бермекпіз. Олардан кейінгі қарындастарға сөзіміз жетер.

Әлеуметтік желі қолданушысы Олжас Әбілдің жазбасы біздің осы ойымызды толықтырған екен. Жүрекпен жазылған жазбаны сіздерге де оқуды ұсынамыз, оқырман қауым. Сонымен…

Олардың ойы — о бастан сондай…

Әу басынан қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуын құптамаушы едім. Бір досымның «қазақ қызы үндіске тұрмысқа шығыпты, бақытты болсын» деп бақыт тілеп отырғанын көріп қаным басыма тепті. «Ол қызды өзіне қарата алмаған қазақ жігіттері кінәлі» деген дауыстар шығыпты. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» демекші,

«за иностранца замуж выйду, наши казахи такие — сякие» (ойының өзі қазақша емес) деп жүрген қыздарды қыл бұраумен үйге матап қойсаң да, олар өз дегенін істейді.

Яғни, оу бастан олардың ойы осындай, оған түк те істей алмайсың.

Алайда, кейін сол қыздардың бойында қазақшылық қалса, бір шет жерде отанын аңсап қазақшылыққа бет бұрып, біраз тыраштанып жатады. Бірақ ол кезде тым кеш болады. Артынан сарғайған немесе қарайған балалары (не қазақ емес не басқасы емес) тұрады. Ал бойында қазақшылығы қалмағандары сол бойы өзгеге сіңіп біржола құриды.

«Жаман байым аман болсын, бәрібір өз қазағыма ешкім жетпейді» дейтін  қазақ әйелдері саф алтын ғой шіркін» дейсің еріксіз бұндайда.

1-3

Егер біз қытай болсақ мен бұл тақырыпқа еш қыңқ етпеуші едім. Қытайда «қыздарымыз өзгеге кетті ортамыз ортайып қалды» деген қайғы жоқ. Қытайлар қызын өзгеге берсе, қуанады «анау жартылай қытайланды» деп…

Бірақ біздің жағдайымыз мынадай — 11 млн қазақ, оның тең жартысына жуығы — жартылай қазақтар (орыстілділері). Өзіміз осындай аянышты халде отырып өзгеге тұрмысқа шыққан қыздарымызға бақыт тілейтін халық біз бе едік? Бұл қалпымызбен біз бір елу жылда бағытымыз айқындалып, тағы бір елу жылдың ішінде ұлт ретінде түпкілікті құрып бітеміз.

Өз ұлтын сүймейтін қыз басқа ұлттың адамын сүйіп жарылқай ма? 

Сондықтан, мен үшін әр шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы — қазақ азаматынан сол үйреншікті екі боқмұрынын да туып бере алмаған шіріген жұмыртқа боп қалады. «Сезім, махаббат — сахаббат» деген сылтаулар маған еш әсер етпейді.

Өз ұлтына махаббаты болмаған шүйкебас, біреуді сүйіп жарылқай қояды дегенге сенбеймін.

Ұзын сөздің қысқасы — бұл үрдіс тиылмаса, біз жоғаламыз, қазірдің өзінде мыңдаған қазақ қыздары жаттың қолында кетті. Ал ол дегеніміз — жүздеген қазақ ауылдары мен ондаған қазақ аудандарының халқы ұшты — күйлі жоқ болды деген сөз.

Жолдасы шетелдік қазақ келіншектері өте көп. Осы тақырыпқа ауыз аша қалсаң келіп өзіңнің шаңыңды қағып кететін. Араларында осындай некені насихаттап жүргендері де баршылық. Сұмдық қой…  

2-1

Загрузка...