Айт күні Алланың аты жазылған орамжапырақ табылды (фото)

1 327 просмотров

Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мейрамының екінші күні Алматы қаласында «Алла» жазуы бар орамжапырақ табылды.

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Орамжапырақтың ортасында жазылған Жаратушының есімін Алматы қаласының жас тұрғыны Жадыра Дауылбайқызы әкесіне түскі ас әзірлеп жатқан кезде байқаған. «Таугүл» мешітінен діни сауатын ашқан Жадыра «Алла» деген жазуды бірден байқапты.

Жадыраның отбасы мұны жақсылықтың нышаны деп қабылдап отыр.

f2e48aed45a946fa3779ee0135102351

ҰБТ-дан биыл 121 балл алған Жадыра Алматыдағы №175 гимназияны үздік бітіріпті. Халықаралық IT университетінің журналистика факультетіне тапсырған ол шығармашылық емтиханнан да өте жоғары – 97 балл жинаған екен.

Соңғы кездері ұлы Алланың аты бейнеленген ғажайыптар ел тұрғындарын таң қалдыруда. Рақымды, мейірімді Алла Дауылбай Жарылқапұлының отбасына да осындай нығметті нәсіп еткен екен. Алла бұл отбасыға Өзінің мейірімі мен берекесін сыйласын деп тілейміз!

Загрузка...